Басты ақпаратҚала тіршілігі

Қысқа әзірлік қалай?

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бастаған комиссия қаланың коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексеріп, «Астана тазалық» ЖШС және «Астана Зеленстрой» АҚ техникаларын көріп шықты.

Екі компанияның да паркі 400 мамандан­дырылған техникадан асады. Олардың басшылығы барлық техниканың қысқа дайын екендерін жеткізді. Қызметкерлер штаты да жасақталған. Қар жауған күндері көшеге Есіл ауданы бойынша 526 техника, Байқоңыр ауданында – 177, Сарыарқа ауданында – 437, Алматы ауданында 452 техника шығуға дайын.
Қазіргі таңда, қаланың жаңа көшелерін есеп­ке ала отырып, маршрут пен Астана жолдарын тазалаудың режимі қайта қа­растырылуда.
Астана еліміздегі аула алаңдарын ПИК-тер емес, аудандық әкімдіктер тазалайтын бірден-бір қала. Қысқы маусымға «Астана тазалық» ЖШС қазірден 20 мың текше метр құмды-тұзды қоспаны дайындап қойды. Жуық арада осы материалдың тағы да 8 мың текше метрі дайындалмақ. Дайын болған реагент ауданның маршруты бойынша әзірленген. Шығыс тасжолдарда және қатты қар жауған кезде пайдаланылатын арнайы роторлар да қысқы маусымға дайын.
«Бізге қысқа толықтай дайын болу керек. Қала тұрғындары ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеу үшін коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы тиіс» деді Б.Сұлтанов. Қала басшысы санитарлық тазалауға қатысатын мердігерлік ұйымдармен келісімшартты жаңа форматқа ауыстыру туралы мәселені қайта қарауды тапсырды (бүгінде олар нарықтың 50 % құрайды).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button