ЖаңалықтарҚала мен Сала

Депуттатар жылу маусымына дайындықты тексерді

Астана қалалық мәслихатының депутаттары елордамыздағы Жылу электр орталықтарын аралады. Қаламыздың қысқы маусымға дайындық барысын қадағалау мақсатында депутаттар №2 және жаңадан салынып жатқан №3 ЖЭО құрылыс жұмыстарымен танысты. 

015

Депутаттарды «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы Еркеғали Есенжолов күтіп алып, жылу маусымына дайындық жұмыстары мен ЖЭО-2 аумағындағы жаңадан пайдалануға берілген №7 қазандық агрегатын көрсетті. «Елорданың жылу орталықтары қысқа дайын деуге болады. Бүгінге дейін дайындық жұмыстары 85 пайызға орындалды. Мамандар қызу жұмыс жүргізіп жатыр» дейді Еркеғали Есенжолов.
Бүгінгі таңда тұрақты түрде жұмыс істеп тұрған бірінші және екінші Жылу электр орталықтары (ЖЭО) Астана қаласының сұранысын толықтай өтеп отыр. Дегенмен, өндіріс орындары мен тұрғын үй аумағының кеңеюіне байланысты қаланың сол жақ бөлігіне жылу жеткізу мәселесі туындап отырғанын айту керек. Осы мақсатта жалпы қуаты 480 Гкал/с болатын 3-ЖЭО салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталған. Биыл жыл соңына дейін техникалық базасы толықтай аяқталады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстың 98 пайызы орындалған. Тек техникалық су, кәріз жүйесі ғана аяққа тұсау салып отыр. Бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы жылу бере бастауы тиіс.
«№ 3 жылу орталығы өте үл­кен жоба. Бастан-аяқ жаңа технология бойын­ша салынып жатыр. Түтін мұржалары толықтай электрлі сүзгімен жабдық­талған. Бұл сүзгілер ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін бірден азайтады. Сүзілген қалдықтар сол бойда жол жөндеу жұмыс­тары мен резеңке жасау өнді­рісіне жіберіледі. Бұл – ТМД көлемінде әлі енгізімеген тех­­ноло­гия. Алғашқы болып аста­налық жылу жүйесі пайдаланып отыр. Тәжірибе ретінде ЖЭО-2 аумағындағы жаңадан пайдалануға берілген №7 қазан­дық агрегатына пайдаланып көріп жатырмыз. Нәтиже жаман емес – қалдықтарды сүзу көрсеткіші 96 пайыз болып отыр» дейді Еркеғали Есенжо­лов.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button