Sport

Қысқы триатлон қызығы

Триатлон паркте қысқы триатлоннан жарыс өтті. Шараға 18 және одан жоғары жастағылар қатысты. Турнир үш кезеңнен өтті: 2,5 км жүгіру, веложарыс және шаңғымен сырғанау.

[smartslider3 slider=2269]

Оған кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да қатысты. Жарысты Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен елордалық триатлон қауымдастығы ұйым­дастырды.

Қысқы триатлон жарысына 150 адам қатыс­ты. Қатысушылар деңгейіне байланысты екі топқа бөлінді – кәсіпқойлар мен әуесқойлар. Турнир елордада бұқаралық спортты насихаттау және дамыту мақсатында өткізілді.

«Жарыс қайырымдылық шарасы ретінде ұйым­дастырылды. Одан түскен қаражат елордадағы паратриатлон спортын дамытуға жұмсалады. Біз бұқаралық спортқа ерекше мән береміз. Ол үшін апта сайын түрлі спорттық шаралар ұйым­дастырылады. Солардың бірі – осы жылдың жазында жүгіруден ауқымды марафон өткізу» деді Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Жылқыбаев.

Оның айтуынша, қалада бұқаралық спортқа арнап жыл сайын түрлі деңгейде 300-ден астам спорттық іс-шара ұйымдас­тырылады. Жыл сайын елордалықтар арасында салауатты өмір салтын ұстанатындар мен спортпен айналысатындар саны артып келеді.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button