Мәдениет

Қысқы триатлон қызығы

Елордада қысқы триатлоннан қала біріншілігі өтті. Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен елордалық триатлон федерациясы ұйым­дастырған жарысқа 18 жастан асқан әуесқой спорт­шылар қатысты.

«Жарысты ұйымдастырудың басты мақсаты – спорт сүйер қауым арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, са­лауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға халықты қызықтыру. Астана қаласының әкімдігі бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Көпшілікке арналған сондай жарыс­тың бірі триатлон жарысы болды. Қала тұрғындары мен әуесқой спортшылар үшін бұл қызықты әрі пайдалы жарыс болды деп ойлаймын. Ең бастысы, қала тұрғындары денсаулығын шыңдап, спорттың қызығына кенелді» деп атап өтті Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары жетістіктер спорты бөлімінің жетекшісі Алуа Ибраева.

Қысқы триатлон үш кезеңді қамтыды. Атап айтқанда, 2,5 шақырымға жүгіру, веложарыс және шаңғы тебу. Жалпы жарыс жолына 150 адам шықты. Олардың арасында кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да болды.

Барлық қатысушы жалпы маршруттың барлық үш кезеңінен өту үшін бар күшін жұмсады. Барлығы да шамамен бір сағатта жарыс жолынан толықтай өтті.

Триатлон жарысының белгіленген уақытынан кешікпей келген әрбір қатысушыға естелік медальдар берілді. Сондай-ақ жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар: тоңазытқыш, теледидар, планшет, смартфон және смарт-сағат ойнатылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button