Sport
Қысқы жүгіріс

Бас қаладағы триатлон саябағында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Qysqy jügiru» жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау.
[smartslider3 slider=1661]
Жарысқа қатысушылар 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Шараға 300-ге жуық кәсіби және әуесқой спортшылар жиналды.
«Qysqy jügiru» жарысы 5 түрлі жас көрсеткіші бойынша сайысты. Атап айтқанда, 18-29 жас, 29-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында болды. Әрбір қатысушы сертификат пен медальға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Баян Асылбекова