БілімЖаңалықтар

ҚЫТАЙДА ОҚУДЫҢ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ТҰСЫ КӨП

IMG_1329

Жақында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінде «ҚХР оқуының көрмесі» өтті.

Шараға Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Лэ Ючэн, ҚХР шәкіртақысын бөлу жөніндегі кеңестің (China Scholarship Council) бас хатшысы Цао Шэхай қатысты.

Университет ректоры А. Күріш­баев өз сөзінде оқу орны жанынан 2010 жылы құрылған Қытай білім және ғылым орталығының жұмыс барысы туралы айта келіп, Шыңжаңдағы аграрлық университетпен әріптестік байланыс орна­тқан аталмыш орталық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда, білім беру саласында біраз істі қолға алғанын жеткізді. Орталық ашылғалы бері 58 адам қытай тілін меңгеріп шықса, олардың ішінде 4 магистрант және 10 студент ҚХР-да білімдерін шыңдап қайту мүмкіндігіне ие болды. Он екі студент Шанхай қаласындағы жазғы мектептерде тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 70 ұстазы күншығыс елінде қысқа мерзімді біліктілікті көтеру бағдарламасын игерді.

Қатысушылар Қытайдың «Beihang University», «Beijing Jiaotong University», «Harbin Normal University», «Changchun University of Science and Technology», «East China Normal University», «Shanghai International Studies University», «Shanghai University of Traditional Chinese Medicine» сынды 17 оқу орнының бакалавриат, магистратура, PhD деңгейіне шәкіртақы тағайындау бағдарламасымен танысуға мүмкін­дік алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button