Ел тынысы
Қытаймен арадағы теміржолмен жүк тасымалы 32 млн тоннадан асты
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады. Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.
Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.
Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.
2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.