Мәдениет

Қыздар конкурдан жарысты

Елордадағы «Арғымақ» атпен сауықтыру спорт кешенінде Астана, Қарағанды, Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген 70-ке жуық шабандоз конкурдан сайысты.

Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов:

– Конкур – арғымақтың сайысы. Бұл спорт түрі елордада қанат жайып, қарқынды дамып келеді. Астанада турнир екінші рет ұйым­дастырылып отыр, – деді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қыздар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түсті.

– «Жастар» санаты бойынша кедергінің биіктігі 100 сантиметр болды. Қарсыластарыма қарағанда сәттілік жолдас болып, дараландым. Қуаныштымын, – дейді турнир жеңімпазы Малика Серік.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйым­дастыруымен турнирдің жүлде қоры 6 миллион теңгені құрады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button