ЖаңалықтарҚала мен Сала

Қызмет аясы кеңейе түсті

Әлемдік өркениетке жетудің бір жолы – ақпараттық технологияның ағымынан қалмай ілесіп отыру. Дамыған мемлекеттерде қағазбастылық ұғымы жоқ.

Ондағы қызметтердің бар­лығы дерлік электрондық жүйеге көшкен. Елордада қолға алынған электронды әкімдік жобасы да уақытты үнемдеудің, қағазбастылықтан құтылудың және мемлекеттік қызметтер деңгейін бағалаудың тиімді тәсілі.
Е-әкімдік жобасы іске қо­сылғалы қала тұрғындары қажетті мәліметтерді дер кезінде алып, уақытын әлдеқайда үнемдегені анық. Елорда әкімдігі биылғы қаңтар айынан қыркүйекке дейін 1 255 197 мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 34 369-ы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, ал, 22500-і электронды нұсқада көрсетілген.
Осы жылдан бастап Мем­лекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Бұл тізімге 647 мемлекеттік қызмет кірген. Соның 118-і – жергілікті әкімдіктің еншісінде.
Бүгінде Астана қаласы бойынша 19 мемлекеттік қызмет электронды нұсқаға көшкен. Олардың барлығы да тұрғындарға аса қажетті, жоғары сұранысқа ие.
Былтыр «Электронды Үкіметтің» веб-порталы арқылы 1 258 хабарлама келіп түссе, ведомстволық порталға өтініш жіберген тұрғындар саны – 7 839.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button