Қызмет сапасын арттыру маңызды

Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және іскерлік қарым-қатынастың сапасын арттыру мақсатында елорданың «Еуразия» сауда орталығы аумағында кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив істері басқармасы мен Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында мамандар тіл саясатын реттейтін өзекті нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша түсініктемелер ұсынды және олардың коммерциялық қызметтегі қолданылу практикалық аспектілерін жан-жақты баяндады. Аталған ақпараттық жұмыс кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнаманың талаптарын уақытылы орындауға және іскерлік үдерістерді оңтайландыруға бағытталған. Мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы диалогты нығайтуда маңызды қадам Астана қаласындағы кәсіпкерліктің тұрақты дамуына ықпал етеді.