Sport

QYZMETCUP: Қысқы кубоктің көрігі қызады

Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі және QAZAQSTAN SPORT LEAGUE қоғамдық бірлестігінің ұйымдас­тыруымен елордада мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор мамандарының арасындағы футбол марафоны өтуде.

Турнирдің ашылу салтанаты «Астана арена» стадио­нында өтті. Өткен жылдың жазында осы стадионда министрліктер мен ведомстволардың және ұлттық компаниялардың құрама командаларының өзара матчы өткен болатын. 20 команда бақ сынаған аталмыш матчта «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрамасы жеңімпаз атанған. Енді алғашқы ойынның чемпионы QAZAQSTANQYZMETCUP және тағы 23 команда Астана қысқы кубогінде бақ сынасатын болады. Оның алғашқы кезеңінде 4 топқа бөлінген 24 команданың әрқайсысы бір айналымда кемінде 5 матчтан өткізеді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша әр топтағы үздік 4 команда 1/16 финалына шығып, олимпиялық жүйеге сәйкес, әр матчтың жеңімпазы ақтық сынға жолдама алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button