Жаңалықтар

Қызметкерлер 50 пайызға қысқарады

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді. Соған сәйкес, қор қызметкерлерінің саны екі есеге қысқарады. Бұл туралы Қордың ресми сайтында ақпарат жарияланды. 

[smartslider3 slider=1882]

«Қор қызметкерлерінің саны екі есе, 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33 пайыз) қысқарып, «кеңесші» қызметтері жойылды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қордың шетелдік өкілдіктерінің жабылғаны белгілі болды. Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен қадағалау, маркетинг және импорттың орнын басу ережелері бекітіліп, ,ір көзден сатып алуға негіз болатын себептер қысқарды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button