Әлеумет

ҚЫЗМЕТТЕ «КӨКЕСІЗ» ӨСУ МҮМКІН БЕ?

Әлихан БӘЙМЕНОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы:

– Қоғамда қызметке туысын тар­ту «дәстүрі» әлі де кез­­де­седі. Мұндай дәстүрдің толы­ғымен жойылатындығына мен сенемін. Өйткені, қазіргі басшылар өз қарамағында бі­лік­ті кадрлардың болғанын қалайды.

Мемлекет басшысы «коман­да­лық көшу» деп аталатын тә­жі­­ри­бені тоқтату, конкурстан тыс ауысу арқылы кадрлар тағайын­дауды қысқарту жөнінде бір­не­ше тапсырмалар берген. Жа­­ңа­­­дан ұсынылып отырған «Қа­­зақ­­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жо­­ба­­сында осыған байланысты бірнеше мәселе көзделіп отыр. Заң жобасының басты мақсаты – мемлекеттік қызметке ең лайықты азаматтарды іріктеу арқылы қабылдап, лауазымы жоғарылағанда олардың абыройын, біліктілігін, еңбегін ескеретін жүйені қалыптастыру. Сонымен қатар,  бұл заң жо­ба­­сы «Қазақстан-2030» стратегия­лық­ бағ­дарлама­сындағы «ме­­м­­­ле­кет­тік қызмет ұлтқа қыз­мет ету керек» деген сөздің сино­ни­мі болуы тиіс.

Заң жобасында мемлекеттік қызметке іріктеудің жариялы­лығы мен әділдігін орнатуға бағытталған шаралар қам­тыл­ды. Ол кезде тестілеу мем­­­ле­кеттік органдардағы кон­­­­курстық іріктеуден тыс тә­­уел­­сіз өткізілетін болады. Тесті­леуде алған бағасына қарай азамат­тарға конкурсқа қатысу құқын бе­ре­тін сертификат тапсырыла­ды­.

Ильяс ҚОЖАБЕКОВ,
Ғылыми сараптама және талдау институтының үйлестірушісі, құқық магистрі:

– Бүгінгі күні кез келген­ жас­тың ешқандай «әке-көкесінсіз» өсуіне мүмкіндігі бар. Бірақ, ол үшін алдымен  іскер, өз саласы­ның нағыз маманы болуы шарт. Бірақ, «көкесіз» өсудің бір ескерер тұсы, ол қажырлы ең­­бек­ті, шыдамдылықты, сосын ұзақ уақытты талап етуі мүмкін, кей кездері.

Бірақ, қанымызға сіңіп қалған әдет болса керек, қолайлы қыз­мет­ке жайғасу үшін қашан да «көке» іздейтін әдетіміз бар ғой­ біздің.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button