Денсаулық

Қызылша екпе алмағандар арасында көп анықталуда

Елордада қаңтар айының басынан бастап  қызылша жұқтырғандардың 1890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай.  Бұл туралы бүгін Астана коммуникациялар қызметі алаңында Қызылшаға қарсы вакцинация нәтижелері туралы өткен брифингте Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның айтуынша, елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда, сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды.

Желтоқсан айымен салыстырғанда балалар арасында сырқаттанушылықтың бір жасқа дейін , бір жас және 2 жастағы балалар арасында төмендеуі байқалады. Мәселен, 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың қарқынды көрсеткіші 692,7-ден 589,4-ке дейін немесе 15% – ға, бір жастағы балалар 880,2-ден 805,3-ке дейін немесе 8,5% – ға және 2 жастағы балалар тиісінше 701,6-дан 551,9-ға дейін немесе 21,3% – ға төмендеді. Көрсетілген жастағы сырқаттанудың төмендеуі-бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда, ересектер арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3% – ға өсті.

Қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шығарылды. Соған сәйкес 2023 жылғы 6 қарашадан бастап   6 айдан 10 ай 29 күндік сәбилерді және 2023 жылы 5 желтоқсаннан бастап 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күндік балаларды егу мәртебесіне қарамастан қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Сондай-ақ, қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлеріне иммунизация жасалды.

Бүгінгі таңда 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды қызылшаға қарсы екпемен қамту 56,1 пайызды немесе 13 473 баланы құрады және 2-4 жастағы балалар арасында  75,9 пайызды немесе 59 205 баланы құрады.

2023 жылғы 6 қарашадан бастап осы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундау аясында 94 166 адам екпе алды, бұл  қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттің, яғни 121 000 адамның 77,8 пайызы.

Вакцина алмаған 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды және 2-4 жас аралығындағы балаларды қажетті екпемен қамтудың кемінде 95 пайызына дейін жетпейінше, вакцинация жұмыстары жалғасын таппақ. Қызылшаға қарсы профилактикалық екпесі жоқ медицина қызметкерлерін қызылшаға қарсы иммундаумен қамту 100% – ға жетті.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 7-18 жас аралығындағы бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 13678 бала иммундау шеңберінде қамтылды.

-Бұрын вакцинациядан бас тартқан балалардың ата-аналарымен вакцинацияның маңыздылығы туралы қосымша айтып-түсіндіргеннен кейін өз шешімдерін вакцинацияның пайдасына қабылдады. Қаңтар айының басынан бастап бас тартқан барлық 4529 баланың 1038 бала немесе 22,9% егілді. Осы орайда, вакцинацияның маңыздылығын тағы да ескере отырып, одан бас тартпауға шақырамыз,-деді С.Бейсенова.

Жоспарлы жұмыстар уақытша медициналық қарсы көрсетілімі себебінен қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында да жүргізіледі. Мәселен, жыл басынан бері уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар 2730 баланың 1067 бала немесе 39 пайызы екпе алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button