Денсаулық

Қызылша жағдайы əлі де күрделі

Астанада қызылшаға байланысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылдың өзінде 576 бала қызылшамен ауырған. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Жыл басынан бері Астанада қызылша бойынша 576 бастапқы және 216 расталған факті тіркелді. Қызылша жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 152. Сархат Бейсенованың айтуынша, елордада күніне 40-қа жуық баладан қызылша анықталады.

Науқастанған 152 баланың 92 пайызы – қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалар. Олардың ата-аналары қарсылық танытты. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцина алғандар тек 6 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 26 пайызды құрады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек екенін тағы да еске саламын, – деді Сархат Бейсенова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button