Шаһар шежіресі

Рабиға Есімжанова – тың өңірінде

Кең тынысты майда-қоңыр үнімен Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса ­сияқты майталмандардың шығармалары мен халық әндерін радио арқылы ­халыққа таратып, ел құрметіне бөленген Қазақ КСР-нің халық әртісі Рабиға ­Есімжанова өзінің туған жері – Ақмола өңірінде бірнеше мәрте гастрольдік сапарда болды.

Қазақ мемлекеттік концерт-гастроль бірлестігінің әртістерімен 1961 жылы қараша айында келген сапарында Целиноградтағы теміржолшылардың Мәдениет сарайында өнер көрсетеді.

Өнер саңлағы Қазақконцерттің бір топ әртісімен 1967 жылы шілде айында туған өңіріне тағы бір мәрте келіп тыңдау­шыларын риза қылды, ол халық әндерімен қатар қазақ совет композиторларының әндерін де шебер орындады. Олардың ішінде өзінің немере ағасы Қосымжан Бабақовтың бірқатар әндері мен Садық Кәрімбаевтың «Көктем», «Ақ ерке», «Қара көз», «Сағындырған сәулем-ай» әндері, Әбілахат Еспаевтың Абай сөзіне жазған «Өзгеге көңілім тоярсың», «Мен сәлем жазамын, қарағым, қалқама» атты әндерін орындады.

Р.Есімжанова өзі ұйым­дастырған «Сәлем» эстрадалық ансамблімен 1971 жылы қазан айында Ақмола өңірін аралап, еңбекші қауымға өнерлерін көрсетті. Р.Есімжанова басқарған эстрадалық ансамбльдің Целиноградтағы қорытынды концерті Тың игерушілер сарайында өтті. Әнші «Әпитөк», «Көкем-ай», қырғыздың «Жылқышы» әнін шырқап, көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Атақты әншіні жерлестері сахнадан жібермей, бірнеше ән салдырды.

Ғазиза ИСАХАН

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button