Шаһар шежіресі

Рамазан Бапов – Целиноградта

Ұлттық балет өнерінің биігін бағындырған биші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, балетмейстер, педагог Рамазан Салықұлы Бапов Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының құрамында Ақмола (Целиноград) қаласында гастрольдік сапармен бірнеше мәрте болды.

1966-1988 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік опера жəне балет театрының балет солисі ретінде театр сахнасында басты партияларды – ұмытылмас образдарды сомдады, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Өз өнерін әлемнің көптеген елінің сахналарында паш етті. Ұстаздық қызметпен айналысып, шәкірттер тәрбиеледі.

  1. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет труппасының жетекшісі, КСРО халық әртісі Р.Бапов мастер-класс өткізуде. 1990 ж., Целиноград қ.
  2. Л.Ф.Минкустің «Дон-­Кихот» балетінен көрініс. Базиль рөлінде Р.Бапов, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының премьерасы. 1967 ж., Целиноград қ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button