Ел тынысы

Рәміздер – ел мақтанышы

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев шығармашылық, зиялы қауым өкілдерінің және республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өткізді.

[smartslider3 slider=2402]

«Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің басты рәміздері еркіндікті бейнелейді және азаматтарымызға патриоттық рух береді. 30 жыл ішінде қоғамда мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениеті қалыптасты, енді оны қолдап, ілгерілету қажет» деп атап өтті Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл ретте, министр атап өткендей, негізгі назар іс-шаралардың саны мен көлеміне емес, олардың мән-мазмұны мен ұйымдастыру сапасына аударылатын болады. Атап айтқанда, ғылыми-практикалық конференциялар, мектептерде ашық сабақтар мен сынып сағаттарын, көрмелер және т. б. өткізу жоспарланған.

Дәурен Абаев іс-шаралар мен кампанияларға қатысудың мәжбүрлі тәртібін болдырмауға шақырды.

«Атқарылатын жұмыстың басты мақсаты – отандастарымыздың, әсіресе жастардың мемлекеттік рәміздер күнін жан-жүрегімен сезініп, мақтан тұтуына жағдай жасау – бұл Президент айқындаған «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы маңызды қадам» деді министр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button