Жаңалықтар

РӘМІЗДЕР РЕГЛАМЕНТІ ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

ERA_7025

Кеше Астана қаласының әкімі жанындағы Қазақстан Рес­публикасы Мемлекеттік рәміздері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда қала аумағында орналасқан мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің регламентке сай орнату, талабының сақталуына байланысты аудан әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.

Жыл басынан бері 201 мекеме мен ұйым­дар тексеріліп, оның 153-інде рәміз­дерді қолдануда қателіктер жіберілгені анықталды. Яғни, ұлттық стандартқа сай келмейді, ту тозып жыртылған немесе арнайы стендтерде рәміздердің заңда көр­сетілген тәртіпке сай орналасуына мән берілмеген. Ғимараттарға ілінген рәміздерге арнайы жарықтың тү­сірілмеуі, әсіресе, түнгі уақытта көзге қораш болып тұруы да талапқа қайшы. Осы орайда қалалық Ішкі саясат басқармасы түрлі мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне семинар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Мемлекеттік рәміздердің регламентке сай орнатылуы жайында Кеңес төрайымы Аида Балаева ескертулер жасады. «Халықтың көзі қырағы, көп жағдай­да қала тұрғындарының немқұрайлы қара­майтыны қуантады. Тудың жыртылып немесе боран жұлып әкеткенін көбіне қара­пайым қала тұрғындары байқап жатады. Бұл сол себепті де халықпен нәти­желі жұмыс істеуді жалғастырып, талап­тың сақталуына мүдделі болуымыз керек» деді ол жиынды қорытындылай отырып.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button