Мәдениет

Рәміздерді ұлықтады

Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мау­сым айы бойы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерейтойы аясында концерт өткізіп жатыр. Соның бірі «Қазақстан» орталық концерт залында «Отан ана» атауымен өтті.

[smartslider3 slider=3180]

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали бастаған «Халық қазынасы» өнер бөлімінің әртіс­тері мен композитор Бауыржан Ақтаев жетекшілік ететін «Астана сазы» фольклорлық ансамблі қатысты. Кеш қазақ тарихынан сыр шертетін театр­ландырылған қойылыммен ашылды. Онда көрермендер жерұйық іздеген Асан қайғы бейнесін көріп, оның жырымен сусындады.

Әсем әндер әуелеп, жыр мен күй төгілген кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Дінисламбек Жайлаубай, Ерболат Шалдыбеков, Нұрболат Арзамасұлы, халықаралық байқаулардың лауреаттары Күнсұлу Түрікпен, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Венера Табыс, Салтанат Ерсұлтан, Перизат Тұрарова, Айзат Қарабекова, Гүлнұр Рахымжан, Сырым Есенғалиев, Нұрбану Жұртекина, Бауыржан Мұхаметбайұлы, Ардақ Елеусіз, Дарын Құдайберген өнер көрсетті. Өнерпаздар ел мен жер туралы шығармаларды, отаншылдыққа үндейтін туындыларды орындады. Соның ішінде халық композиторларының, Қазақстанның көрнекті композиторлары мен қазіргі сазгерлердің шығармалары болды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button