Жаңалықтар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ЕЛДІК МІНДЕТ

IMG_5309

Кеше қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілеповтің төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында елорда  бойынша жүр­гізілген тексерістің нәтижелері тың­далды. Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рысбеков «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рә­міздері туралы» заңының сақ­та­луын қамтамасыз етуде бірқатар кем­шіліктер түзелгенін айтты. Ал, Сарыарқа  ауданында төрт бірдей ме­кеменің Туы ескірген екен. Ескерту берілгеннен кейін бір күннің ішінде қалпына келтірілген көрінеді.

Еліміздің әрбір азаматы құрметтеуге тиіс рәміздер  мен  оны пайдаланудың ресми тәртiбi арнаулы заңмен бел­гiленген.  Комиссия отырысында аудан өкілдері заң талаптарын сақтамау негізінен мемлекеттік мекемелерде жиі кездесетінін жасырмады.

Отырыс қорытындысында  Болат Тілепов аудан әкімдіктеріне бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жал­ғастыру керектігін және аз уақыт ішінде барлық кемшіліктерді жоюдың маңыздылығын ескертті.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button