Әлеумет

«Рақмет, ана» челленджі басталды

Көктем мерекесі, Аналар мерекесі қарсаңында астаналық оқушылар арасында «Рақмет, ана» челленджі басталды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, челленджге қатысу үшін оқушылар аналарымен бірге түскен суреттерін немесе шағын бейнебаяндарын әлеуметтік желіде жариялап, осылайша өмірдегі ең жақын адамдарына алғыстарын білдіреді. Бұл челлендж оқушылардың аналарға деген махаббатын, құрметін көрсетуге бағытталған.

«Бұл челлендждің мақсаты – аналарға деген зор алғысымызды білдіріп, олардың отбасындағы маңызды рөлін ерекше атап өту және ұрпағы үшін жасаған барлық жақсылығын бағалау. Бұл бастама оқушылардың өздерінің аналарын қадірлеуге, құрметтеуге шақырады. Сонымен қатар «Рақмет, ана» челленджі жастардың аналарға деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік береді», – деді қосымша Астана қаласы Білім басқармасының білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарамбетова.

Айта кетейік, челленджге елордадағы танымал жастар мен балалар да қатысып, өз үлестерін қосуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button