Қоғам

«Рақмет, анашым»: студенттер челленджді жалғастырды

Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Рақмет, анашым» челленджін бастады, оған қаланың 16 жоғары оқу орны қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде университет студенттері отбасылық бақытты сәттерін еске алып, аналарына алғыс білдіретін видеолар жариялады.
Челлендждің мақсаты – ананың баласы үшін жасаған барлық ісіне алғыс білдіру.

Челленджге қатысқандар арасында Тұран-Астана университетінің дизайн, сервис және туризм факультетінің студенттері болды. Құттықтау ретінде олар Мәдина Сәдуақасованың орындауындағы «Мама» әнімен отбасылық фотосуреттер түсірілген бейнеролик жариялады.

«Тұран-Астана» университетінің ұлттық және халықаралық құқық факультетінің студенттері түпнұсқа видео хабарламаны түсірді.

«Рақмет, анашым, мен сізді жақсы көремін!», «Анашым, мені қолдағаныңыз үшін рақмет!», «Анашым, қамқорлығыңыз үшін рақмет!», «Анашым, маған берген барлық мүмкіндігіңіз үшін рақмет», «Мен сізді қатты жақсы көремін!» деп алғысын білдірді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алғашқы оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Instagram парақшасында құттықтау мәтінін жариялады.

«Өмірімдегі ең басты тірегім – анам. Маған көрсеткен қамқорлығыңыз үшін рақмет! Оның орны мен үшін өте зор. Мен сені жақсы көремін», «Анам – менің басты тірегім. Ол маған қиын сәттерде ылғи да қолдау көрсетіп, қиындықтарымды шешуге көмектеседі. Мен қанша жаста болсам да баласы ретінде алаңдап, қамқорлық танытады. Мен сені жақсы көремін анашым», «Бәрі үшін рақмет», «Қымбатты анашым! Жыл сайын қасымда болғаныңыз үшін қаншалықты бақытты екенімді білсеңіз. Шексіз сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз үшін рақмет…» – деп жазды болашақ ұстаздар.

«Рақмет, анашым! Сіздің шексіз сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз және қолдауыңыз үшін. Қуанышта да, қиын сәттерде де жанымнан табыласыз. Мен сізді қатты жақсы көремін. Маған арнаған жылы сөздеріңіз, сеніміңіз үшін рақмет. Мен бақытты болуым үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз», – деп астаналық Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері аналарына алғысын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button