Басты ақпарат

Референдумға 406 000 астаналық қатысты

Орталық референдум комиссиясының деректеріне сәйкес, Нұр-Сұлтандағы сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 57%-ы бюллетень алған. Оның ішінде Конституциялық түзетулерді 79,59%-ы қолдады. Қала әкімі Алтай Көлгінов бірінші болып дауыс беріп, референдумды тарихи оқиға деп атады.

[smartslider3 slider=3171]

– Бүгін – тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуына үлес қостым, – деп атап өтті әкім.

Елорда бойынша барлығы 348 учаске жұмыс істеді. Оның ішінде 248-і – ашық, 35-і – жабық, қалған 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.Тұрғындар ел үшін маңызды сәттерде жауапкершілікті үлгі ету үшін отбасыларымен және балаларымен бірге қатысты. Нақты себептермен өз учаскелеріне бара алмаған астаналықтарға үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігі жасалды. Яғни оларға жәшіктері бар бюллетеньді арнайы жылжымалы сайлау комиссиясы жеткізді.

Республика бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді. 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44 пайызы болып саналады. Аймақтар бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасын сараласақ, алғашқы үштікте Ақмола облысы (73,81), Ақтөбе облысы (58,06) және Алматы облысы (72,83) тұр. Ең белсенді Түркістан облысының тұрғындары (80,66 пайыз) болып отыр. Ал Алматы қаласының референдумға қатысуға құқылы азаматтарының 33,30 пайызы ғана дауыс беруге келіп, ең төменгі белсенділік көрсетті. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы (67,68), Батыс Қазақстан облысы (69,37), Жамбыл облысы (69,59), Қарағанды облысы (77,39), Қостанай облысы (72,28), Қызылорда облысы (79,89), Маңғыстау облысы (61,19), Павлодар облысы (75,53), Солтүстік Қазақстан облысы (75,49), Түркістан облысы (80,66), Шығыс Қазақстан облысы (77,49) мен Шымкент қаласы (72,53 пайыз) тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button