Қоғам

Референдум арқылы елдік мінез бен көрегенділігіміз сыналады

Бүгін Депутаттар форумында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі екенін айтты. Президенттің АЭС құрылысына қатысты ұстанымдарына «Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Агафонов қолдау білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Президент әлемдік прогрестен шет қалмау үшін бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек екенін жеткізді. Егер азаматтар қолдап, АЭС салуға дауыс берсе бұл Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі жобаға айналатынын айтты. Расымен, референдум өткізу — әділ шешім, әрі бұл АЭС салу бойынша елімізді келесі даму кезеңіне бастайтын  маңызды қадам. Сонымен қатар референдум – біздің елдік мінезіміз бен көрегенділігіміз сыналатын емтихан десек те болады. Себебі біз тек 1-2 жылдығымызды және тек өзімізді ғана ойлай бермей, келер ұрпағымызды, болашағымыздың қамын осы бастап ойлап, келешектің мықты іргесін қазір қалауымыз қажет.

Мемлекет басшысы АЭС – ұзақмерзімді жоба екенін айта келе ол еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетінін мәлімдеді. Атом энергетикасы дамыса инженерлер шоғыры мен әр түрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасалады. Ол біздің технологияны жетік меңгерген ел болуымызды қалайтынын айтты.

Расын айтқанда, АЭС салуға басында инвестиция тартылады, ал сосын ол 90 пайыз тиімділікпен халыққа жұмыс істейді. Бұл референдум біздің болашақты болжағыштығымыз бен көрегенділігіміздің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Мұның дұрыстығын әзір түсінбесек те, уақыт өте оң шешім болғанына нақты көз жеткіземіз. Себебі Қазақстан 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа көшуге міндеттеме алды. Экологиялық артықшылықтарына қоса АЭС – ел экономикасын алға сүйрейтін драйверге айналады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button