Рейд басталды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды. Рейдтер пиротехниканың заңсыз саудасын болдырмау, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген ережелерді сақтау мақсатында 23 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады.
Астана қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері рейдтер барысында пиротехникалық өнімдер сатылатын базарларды, дүкендерді және сауда павильондарды қамтиды. Жыл басынан бері барлығы 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 13,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,8 млн теңге өндірілді.
Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін сарапшылар өнімдерді тек сертификаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, жарамдылық мерзімін тексеруді, ғимараттар мен ағаштардан кемінде 50 метр қашықтықта отшашуларды іске қосуды, оларды желді ауа райында пайдаланбауды ұсынады. Сарапшылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан зардап шеккендердің саны едәуір артқанын атап өтті.