ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Реновация бағдарламасы жалғасады

Талқылау барысында әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік жаңарту бағдарламасы шеңберінде апатты және ескірген тұрғын үйлерді сүру, МИБ құру, көппәтерлі тұрғын үйлер мен лифт жабдықтарын жаңғырту және жөндеу сияқты өзекті мәселелер қозғалды.

[smartslider3 slider=418]

«Елорда халқының өсуін ескере отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар саны да өсуде. Егер 2018 жылы 110 әлеуметтік пәтер берілсе, 2019 жылы 2900 пәтер берілді, өткен жылы қолжетімді тұрғын үй саны бірнеше есеге артты. 7000-нан астам пәтер берілді» деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов. Құрылыстың жоғары қарқынына қарамастан, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету елорда әкімдігінің тұрақты бақылауындағы маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.
Қала әкімінің орынбасары биыл тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегілер үшін және қаланың жұмыс істейтін жастары үшін 10000 пәтерді пайдалануға беру жоспарланғанын жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов елордадағы реновация бағдарламасы 2030 жылға дейінгі перспективамен игеру шекарасындағы тұрғын үйді сүруді қамтитын қаланың ықшам құрылысы бо­йынша бас және кешенді жоспар шеңберінде іске асырылып жатқанын айтты. Бағдарлама қала әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен мақұлданған.
«Жобаның бірінші кезеңі 2013-2017 жылдар аралығында өтті. Сол кезеңде 3519 пәтерлік 228 апатты үй бұзылды. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңге есептелген екінші кезеңді іске асыру шеңберінде апатты жағдайдағы 54 үй – 874 пәтердің тұрғындарын көшіру жоспарланған. 2018-2020 жылдары 492 пәтерге 30 үйдің тұрғындары көшірілді. 2021-2022 жылдарға 382 пәтерлік 24 үй жоспарланған. Оның ішінде биыл 257 пәтерлік апатты жағдайдағы сегіз үй аяқталады» деді Әнуар Саипов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button