Мәдениет

Республикалық футбол турнирі аяқталды

Астанада 2015-2016 жылы дүниеге келген балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдан республикалық турнир мәресіне жетті.

№8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің жасыл алаңында өткен доп додасына 16 команда қатысып, финалда «Фабрика футбола» командасы FC Family-ді (Астана қаласы) 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Жеңімпаздар өздерінің бұл жеңісі оңайлықпен қолға келмегенін айтады.

«Үш күнге жалғасқан турнир қызықты өтті. Бірнеше жаңа қарсыластар болды. Атап айтсам, «Елімай» (Абай облысы), RB Arman (Павлодар облысы). Бұған дейінгі турнирде чемпион болғанымызды ескерсек, қайтадан 1-орын алу қиынға соқты. Финалда FС Family командасын 3:1 есебімен жеңіп, бір гол соқтым. Өзге ұжымдарға қарағанда шабуылда және қорғаныста жақсы ойнайтынымызбен ерекшеленеміз» деді топ жарған «Фабрика футбола» командасының мүшесі Диас Сайлаубек.

Ал турнирдің қорытындысы бойынша «Фабрика футбола» командасы 1-орын, FC Family (Астана қаласы) күміс жүлдені, RB Arman (Павлодар облысы) қола жүлдені иеленді.

Ал жас футболшылардан Ерхан Берікболсын «Үздік қорғаушы», Қанат Ақназар «Үздік ойыншы», Нұрасыл Қапас «Үздік қақпашы», Дияр Нұркен «Үздік шабуылшы», Жұмабек Хазрет «Үздік жартылай қорғаушы» номинациялармен марапатталды.

20-22 желтоқсан күндері өткен доп додасына Астана қаласынан бөлек, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облысының жас спортшылары қатысты.

Қанат БАЙҰЗАҚ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button