Ел тынысы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

Бүгін республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. 20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі. «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Алматы қаласында аталмыш іс-шара «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Игі бастама аясында қазақстандықтарға татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар өтеді

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button