ДенсаулықЖаңалықтарСаясат

Ревакцинация қашан басталады?

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлім етті.

[smartslider3 slider=811]

Вирустың репродуктивті индексі 0,90 құрайды. Инфекциялық төсектер – 30%, реанимациялық төсектер 26% толы.

Бүгінгі таңда шамамен 8,5 млн адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,7 млн-нан астам адам екінші компонентін алды. Еуропаның бірқатар елінде, сондай-ақ Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы санитарлық талаптар шараларының жаппай сақталуын қамтамасыз етуді, мониторингтік топтардың талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысының тиімділігін күшейтуді және ереже бұзушыларға қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

«22 қарашадан бастап бұған дейін екпе алған азаматтарды ревакцинациялау басталады. Осыған байланысты егу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет» деді А.Мамин.

«Ревакцинация мерзімі COVID-19 вакцинасының екі дозасын алған сәттен бастап 6 айдан 9 айға дейін өзгереді. Дәрігерлер сонымен қатар кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады. «Спутник V» алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл – векторлық, күшейтілген вакцина. Отандық «QazVac» пен қытайлық «Vero Cell» – 6 айдан соң» деп нақтылады №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлнар Сыздықова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button