Жаңалықтар

Ревакцинациялау басталды

Елордалық медициналық ұйымдарда 9 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың ревакцинациясы басталды.

[smartslider3 slider=1146]

Кешеден бері медициналық қыз­меткерлер, санитарлық-эпидемио­логиялық қызмет қызметкерлері мен педагогтар қайта егіле бастады. Сондай-ақ бұл тізімге медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күштік құрылымдардның қызметкерлері кіреді.

«Біз ақпан-наурыз айларында алғашқы болып екпе алған азаматтарды ревакцинациялауға кірісеміз. Сонымен қатар, 6 ай бұрын QazVac және қытайлық Vero Cell препаратының дозасын алған адамдар ревакцинацияға жатады. Компоненттер арасындағы аралықты сақтау өте маңызды. Сонымен қатар, КВИ-ға қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге болады» деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Бүгінгі таңда қалада Pfizer препаратымен вакцинациялау жалғасып жатыр. Pfizer вакцинациясы басталғаннан бері бір апта ішінде елордада жүкті әйелдер, 12-18 жас аралығындағы балалар мен бала емізетін аналар қатарынан 3 600-ден астам қала тұрғыны егілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button