ЖаңалықтарҚоғам

Рухани келісім – бірлік бастау

Елордада Рухани келісім күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті. Шара барысында конфессияаралық келісім аллеясында 30 түп ағаш отырғызылды. Сауабы мол шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, сондай-ақ елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=326]

– Рухани келісім күні – ұлтына, дініне, нәсіліне, жасы мен сеніміне қарамастан қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық аясында біріктіретін бірлік пен келісім мерекесі. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қоғамда ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық, – деді Асхат Оралов.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы ағаш отырғызу шарасының маңыздылығына тоқталып өтті: «Қаламызда әртүрлі дін өкілдері бірлесіп, жыл сайын ағаш отырғызу дәстүрге айналды. Себебі бұл қаланы көгалдандыруға, өзгелермен байланыс орнатуға, әріптестерімізбен көбірек пікір алмасуға мүмкіндік береді».
Сонымен қатар діни бірлестіктердің өкілдері мұндай іс-шаралар діндер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартып, конфессияаралық келісімді нығайтатынын атап өтті.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button