Тәуелсіздікке 30 жыл

Рухымыз күшейді

Аса қымбатты менің отандастарым! Сіздерді еліміздің ең ұлық та қасиетті мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Аз уақыттың ішінде Сарыарқаның төрінен қала тұрғызып, төрткүл дүние ге елімізді баян етті, аян етті. Бұл мемлекетіміздің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.

[smartslider3 slider=1439]

Назарбаевтың арқасы екенін атап айтуымыз керек. Шекара шегенделді. Тарих түгенделді. Рухымыз күшейді. Ал енді Сарыарқаның төрінде астанамыз – Нұр­Сұлтан қаласы бой көтерсе, сол астанамыздың дәл ортасында Еуразия ұлттық университеті орналасқан. Аз уақыттың ішінде білім ордамыз әріптестерінің алдында әлемдік дәрежеде өзіндік орнын алып, өсіп келе жатыр. Осылардың барлығы – аз уақытта қол жеткен табысымыз. Табысымыз толағайлана берсін! Еңбегіміз жемісті болсын! Қазақстан мәңгі жасай берсін!

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры,

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының  депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button