Sport

Рыбакина ризашылығын білдірді

Жақында ғана «Уимблдон-2022» турнирін жеңіп алған Елена Рыбакина өзіне берілген қаражаттың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсады.

[smartslider3 slider=3513]

Франция астанасында өткен «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакина 2 миллион фунт стерлинг қаражатқа ие болғаны белгілі. Сонымен қатар Қазақстан теннис федерациясы да осы тарихи жеңіс үшін Еленаға қомақты қаржылық сыйлық ұсынған еді. Алайда қазақстандық теннисші федерацияға ризашылығын білдіріп, бөлінген қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдапты. Атап айт­қанда, сыйақының басым бөлігі қазақстандық жасөспірім теннисшілерге қолдау көрсетуге бағытталатын болса, қалған бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы жануарлар панаханасына берілетін болды.

Шетелдік спорт қауымдас­тығының өкілдері Рыбакинаның бұл қайырымдылық ісін жоғары бағалап, қазақстандық спортшыға ризашылығын білдіріп, спорттағы мансабының жоғарылай беруіне тілектестік білдіруде.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button