Sport

Рыбакина – US OPEN турнирінде

Теннистен өтетін мәртебелі төрт турнирдің соңғысы – US OPEN жарысына іріктеу ойындары басталды. Қазақстан атынан сынға түсетін Елена Рыбакина жарысты турнирдің негізгі бөлігінен бастайтын болғандықтан, қазір Нью-Йоркта қызу дайындық жүргізуде.

[smartslider3 slider=3827]

Ерлер және әйелдер арасында 128 үздік ойыншыдан қатысатын турнирдің жеңімпазына берілетін жүлделік қор – 2 000 000 S болып бекітілген. Турнир 29 тамыз-12 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық теннис федерациясының жаңа рейтингі бойынша қазақстандық Елена Рыбакина алдыңғы ондықтың қатарынан орын алды.

Жақында ғана «Үлкен дулыға» санатына кіретін Уимблдон турнирінде топ жарған Елена Рыбакина US OPEN (АҚШ-тың ашық чемпионаты) турнирінде де фаворит саналып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button