С.Сейфуллин көшесінен Н.Тілендиев даңғылына дейін төрт жолақты жол салынуына байланысты биыл «Қамқор» автомобиль бөлшектері базары сүрілетін болады. Қазірдің өзінде бұл маңдағы бес жүз гараждың орны босатылса, алдағы қыркүйек айына дейін тағы жүз гараждың бұзылуы жоспарланған.