Шартарап

Саакашвили ұсталды

Грузияның экс-президенті Михаил ­Саакашвили ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Грузияның премьер-ми­нистрі Ираклий Гарибашвили хабарлады. Премьер құзырлы орган өкілдері экс-президентті тұтқындау операциясын жоғары деңгейде жүргізгенін атап өтті.

Саакашвили осыдан бұрын видеоүндеу жасап, өзінің Батумиде екенін айтқан болатын. Алайда Грузияның Ішкі істер министрлігі бұрынғы президенттің шекараны кесіп өтпегенін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Одан бөлек, ведомство Саакашвилиге іздеу жарияланғанын, егер ол Грузияға келсе, бірден тұтқындалатынын айтты. Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті болды. Кейін елден қашып кетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button