Елорда тынысы

Сабантой сәнімен өтті

«Демалыс променад» жаяу жүргіншілер бульварында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблея­сының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сабантой» халықтық мерекесі өтті.

[smartslider3 slider=3408]

 

Мереке қонақтары түрлі байқаулар мен халық ойындарына қатысып, татар және башқұрт халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен, сәндік-қолданбалы өнерімен танысты, ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Мерекені тойлауға Қазан қаласының танымал әртістері де келді. Татарстан Республикасының халық әртісі Ильсур Сафин, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлия Карачурина, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және татар-башқұрттың мәдени орталығының өнерпаздары халық әндерін орындады.

Татар-башқұрттардың ұлттық мерекесіне айналған Сабантой шамамен мың жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Әдетте жаздың басында жерге егін салып, көңіл демдегеннен кейін тойланады.

 

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button