БілімЖаңалықтар

САБАҚТАРДЫ ТОҚТАТУ ПАРАМЕТРЛЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ

kholod

Қыс айларында күн суытқан кезінде 1-4 сынып оқушылары үшін ауа температурасы  – 25 градус және одан да төмен болғанда сабақ тоқтатылады.  -30 градус және одан төмен болса 1-9 сыныптарда, – 35 градус және одан да төмен болса 1-11 (12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс студенттері үшін) сабақ тоқтатылады, мектеп бағдарламасынан қалып қойған пәндер қосымша сабақ арқылы игерілетін болады, деп мәлімет берді astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Мәдина Сүлейменова.

Сабақты тоқтату хабарламасы таңертеңгі 6.30-дан 7-ге дейінгі уақытта және түскі 12.15-тен 12.45-ке дейінгі аралықта «31 канал», «СТВ» арналарында жүгіртпе жолдар арқылы беріледі. Ал, «Евразия», «Қазақстан», «Хабар» арналары арқылы дауыстық хабарламамен жеткізіледі.

Сонымен қатар сабақтың тоқтатылғаны туралы ақпаратты 118-01, 169, 109 телефон нөмірлері арқылы және Астана қаласының ресми сайты www.astana.gov.kz  арқылы да алуға болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button