ДенсаулықЖаңалықтар

Сәби аңсаған аналар

Қазақстанда 6 мыңға жуық қазақстандық әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ рәсімінен өтті. Есепке 2 мыңға жуық жүкті әйел тұрды, 40 бала дүниеге келді. Жалпы ЭКҰ рәсімі 6 мың әйелге өткізілді.

[smartslider3 slider=855]

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова­ның айтуынша, «Салауатты ұлт» атты «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ЭКҰ-ға жыл сайын 2025 жылға дейін 7000 квота бөлінетін болады. «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ЭКҰ-ға дайындалған пациенттерді жыл сайын барынша көбірек қамту мүмкіндігі болады» деді М.Ембергенова. Қазақстанда 1995 жылдан бастап 85000-ға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивтік технологиялар әдістерімен емделді. Қазіргі уақытта «пробиркадан» 25 мыңнан астам бала дүниеге келді, елде 27 экстракорпоралды ұрықтандыру орталығы жұмыс істейді. Бүгінде 14 мың әйел және 117 ер адам бедеулікпен есепте тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button