Басты ақпаратЖаңалықтар

ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйытқысымен елордамыздың ауруханаларында емделіп жатқан бүлдіршіндер де ду-думаннан қалыс қалмады. Денсаулығына байланысты мерекелік шараларды тамашалай алмаған балаларды Анна Седокова, Стас Костюшкин, Мәдина Садуақасова, әнші Бүркіт, Потап пен Настя сынды Ресей мен Қазақстанның бірқатар эстрада жұлдыздары арнайы құттықтап қайтты.

Мереке аясында әншілер №1 және № 2 қалалық балалар ауруханасы, «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», «Балам-ай» дамыту орталығы сондай-ақ,  «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» онкология бөлімін аралап, балдырғандарға әннен шашу шашты. Бұдан кейін балалар белгілі өнерпаздармен естелік суреттерге түсті.

«Кішкентайларға жылулық сыйлау – үлкендердің басты міндетінің бірі. Күлкіге бөленген бала екінші біреудің көңілін көтереді. Бұл байланыс үзілмесе, әлем де бақытты болмақ» дейді Анна Седокова. Ал, отандық әртіс Бүркіт: «Бұл шақыртудан бас тарта алмадым. Өзім де әкемін. Балаларды қуантып, кішігірім болса да концерт қойып жатырмыз. Ән тыңдап, би билеп, тезірек жазылып кетсе деген тілек біздікі. Сәбилеріміз ауырмасын!» деген ақжарма ниетін жеткізді.

 

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button