Жаңалықтар

Садақа, зекет жинауды автоматтандыру мен бақылау орнату идеясына қалай қарайсыз?

Марс Смағұлов,
ҚМДБ жанындағы «Зекет қорының» референты:

– Дін істері агенттігінің бұл ұсы­нысы дұрыс шы­ғар, бірақ мешіт­тердегі тиын-тебен тастайтын жә­­шіктерді жойып, түгел­дей автоматтандыру көпші­ліктен қолдау таба қоюы екіталай. Өйткені, садақа Аллаһ разылығы үшін беріледі. Екін­ші жағынан, қолайсыздық туғы­зуы мүм­кін. Мысалы, сіз өлім-жітім­ге, ас бергенде, діни мей­рам­­дарға жайылған дас­тар­қанға молда ша­қыр­саңыз, оған разылық ре­тінде бе­рі­летін азын-ау­лақ ақшаңызды аяқ­тай барып автомат арқылы тө­леуге дайынсыз ба? Ал мал-мүлкінің, дәу­ле­тінің қырық­тан бір бөлігін беру­ді мін­деттейтін зекетке он­дай жүйе енгізіп жатса, жөн бөлек. Ол қыз­метті осы­дан бір-екі жыл бұрын ҚМДБ жанынан құрылған «Зекет» қоры жүзеге асыра бастады. Qiwi пост-тер­миналдарына төлеп немесе байланыс опера­торларындағы қыс­қа нөмірлерге смс жібе­ру, «Центркредит» банкі­нен ашылған арнайы есеп­шотқа аудару арқылы зекет беруге болады. Осы күнге дейін Зекет қоры­на елу екі мил­лион алты жүз сексен екі мың бір жүз қырық үш теңге жи­­нақ­талды. Бұл – халықтың діни сауа­­тын ашуға, Ислам наси­хатын көр­­кейтуге, имам-мол­далардың әлеу­­мет­тік мәселесін шешуге, т.б. сауап­­ты істер мен қайы­рым­дылық ша­ра­ларға жұм­са­лады. Мысалы, жи­нақ­­­талған қордың есе­бінен өзін-өзі қа­ра­жатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамына биыл 1 қаңтардан бастап 20 мың теңге мөл­шерінде жалақы бере бастадық.

Сұлтанәлі Балғабаев,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары:

– Дінді бетімен жібер­мей, белгілі бір бақылау, тәртіп болуы керек дегенді мен баяғыдан қолдаймын. Өйт­кені, ең күшті идеоло­гия – осы дін. Қайрат Лама Шариф Дін істері агент­­тігіне келгелі бері осын­­дай игі шаралар қол­ға алына бастады. Сон­дықтан садақа, зекетті бан­­­комат ар­қылы жинай ма, ба­­қылау орната ма – ол жа­ғы мұсылман қауымы үшін аса маңызды болмауы керек. Дін тө­ңірегінде жүз мәселе болса, бұл – соның 98-інші немесе 99-ыншы мә­се­лелерінің бірі.

Жангелді Сәрсенов,
«Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті:

– Егер Дін істері агент­тігі ондай шараны қолға алып жатса, ме­шіт­ке жи­налатын қайыр-садақа­ның есебіне бел­гілі бір деңгейде жариялылық жетіспейді деген сөз. Халық тұрмысы мүшкілдерге, мүгедек-міс­кен­дерге, ауыр науқастар­ға көмек болсын деп ақ­ша бергесін, оның қай­да, қа­лай жұм­салып жат­қа­нын бі­луі керек деп есептей­мін. Мы­салы, біздің қайы­рым­дылық қордың жер-жер­дегі жәшіктеріне түскен қар­жыны санағанда, акті­ге екі тараптың қолы қойы­лады. Бірі – біздікі, екін­шісі – сол жәшік орнатылған жердің иесінің қолы. Ал жи­­налған қаржының қан­дай мақсатқа жұмсалғанын сайтымызда көрсетіп отырамыз.

Сапар Мұстафин,
«Қазақстан қажылары қауымдастығы» Астана қалалық филиалының төрағасы:

– Біреу тақ сан деп ырым­­­дап береді, біреу қал­­та­­сын­дағы барын сала­ды. Жағ­дайы жеткен­дер к­өбі­рек қайыр-садақа жасайды. Оның бәрін қа­лай­ша ав­то­мат­тан­ды­руға болады? «Жасырын беріл­ген садақа Аллаһтың ашуын сөн­діреді» дейді. Аллаһ разылығы үшін жасалған әрбір жақсылық – са­дақа. Ен­деше, қалай жақ­сы амал­­ды автоматтанды­руы­мыз керек. Кейін мен мынан­ша садақа беріп едім деп түбіртегін санап жүру үшін бе? Менің­ше, бұл аса дұрыс қарекет емес.

Әділбек ЖАПАҚ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button