Мәдениет

Сәкеннің ізбасарлары сурет салды

Қазақтың біртуар ұлы, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай елордалық студенттер мен оқушылар арасында «Ұлы тұлғалар келбеті» атты сурет салу байқауы өтті. Оған 80-нен астам өнерлі жас қатысты. Байқаудың қазылар алқасы елге танымал суретшілер, өнер қайраткерлері болды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Камила Маукен иеленіп, дипломмен және 30000 теңге сыйақымен марапатталды. 2-орынға екі қатысушы – «Шабыт» колледжінен Аружан Қожабергенова және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен Жансая Тұрар ие болды. Оларға диплом және 20000 теңге сыйақы табысталды. 3-орынды бөліскендер – «Тұран Астана» университетінің студенті Рамазан Набиев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Камила Акентаева мен Рахат Баталов. Олар арнайы диплом мен 15000 теңгені жеңіп алды.

Сондай-ақ байқауға қатысқан оқушылар арасынан жүзден жүйрік шыққан талабы таудай оқушылар бар. 1-орынды иелен­ген Қоянды ауылы №2 орта мектеп оқушысы Аяулым Омарбекқызына диплом және 5000 теңге сыйақы табысталса, 2-орынға лайықты деп танылған №60 мектеп-лицейінің оқушысы Айкүн Ержанқызына диплом мен 4000 теңге табыс етілді. 3-орынды жеңіп алған №87 мектеп-гимназия оқушысы Саид Тнеев дипломмен және 3000 теңге сыйақымен марапатталды. 20000 теңге сыйақымен қоса Асқар Сәрсенбеков атындағы арнайы жүлдеге Қоянды ауылы №2 орта мектебінің оқушысы Айдамира Тұрар лайықты деп танылды. Сурет өнерінде бағын сынаған бірнеше елорда студенті алғыс хатпен марапатталды, сондай-ақ, осы байқауға қатысқан барлық қатысушыға арнайы сертификат табыс етілді.

Гүлден ЕРБОЛҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button