Елорда тынысы
«Сәлем саған туған ел»
Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының оқушылары Республика күніне орай «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, ерекше бейнеклип түсірді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Бейнеклип Астананың әсем жерлерінде түсірілген.
«Қазір цифрлы технологияның дамыған кезеңі. Біз соның оңтайлы тұсын өзімізге пайдалануға тырысамыз. Мектебімізде өнерге жақын балалар көп. Олар маған осы ұсынысты айтқаннан кейін қолдай кеттім», – дейді Ақмоншақ Нұртазақызы.
Айта кетейік, мұндай сапалы клипті мектеп ұжымы әр мерекеде оқушылармен түсіруді дәстүрге айналдырып келеді.