Қоғам

Сәтбаев медалімен марапатталды

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мен Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалімен ­марапатталды.

Кәрімбек Құрманәлиев – қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзінің пікірін ашық айтып, мемлекеттік тілдің мәселесін ғана емес, еліміздегі білім-ғылым саласындағы түйткілді түйіндерді шешуге айрықша үлес қосып жүрген азаматтың бірі.

– Биыл ғалым-геолог, металлогения ғылыми мектебінің негізін салушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Мерейтой аясында «Қаныш Сәтбаев – 125 жыл» мерей­тойлық медалімен марапатталғаныма айрықша қуаныштымын. Өйткені қазақ халқының бағына туған академик елі үшін қаншама қайырлы жұмыс істеп кеткенін жұртшылық жақсы біледі. Бүгінгі ұрпақ Қаныштай ғалым­дардың ізін жалғап, ғылым саласында салып кеткен соқпағымен жүрсе, ешқашан адаспайды. Өзім де Қаныш салған жолмен жүріп, ұлтыма, халқыма еңбегімді сіңіруді азаматтық парызым деп есептеймін. Сондықтан бұл медаль маған үлкен жауапкершілік жүктейді, – дейді Кәрімбек Құрманәлиев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button