Мәдениет
Сахнада – ардагерлер ансамблі

Қаламызда «Есіл толқындары» атты ардагерлер ансамблі «Белсенді ұзақ өмір орталығы» мекемесінде замандастарына өнерлерін паш етті
[smartslider3 slider=2136]
Концертте Е.Брусиловский музыкасына жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» операсынан ариялар орындалып, халық әндері мен Қазақстан композиторларының, шетел классикасының шедеврлері шырқалды.
«Біздің ансамбль 4 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Репертуарымызда, халық әндерінен бөлек, отандық және шетелдік әндер бар. Соның ішінде классиканы қош көреміз. Сонымен қатар «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» операсынан партияларды айтамыз. Құрамда 24 зейнеткер бар. Оның үшеуінде музыкалық білім болса, қалғаны – түрлі сала ардагерлері. Жетістіктеріміз де жоқ емес» дейді көркемдік жетекшісі Фанида Нұрбаева.
Байжан Емберді