Мәдениет

Сахнада – махаббат дастаны

Астана Балет» театрында композитор Ақтоты Райымқұлованың музыкасына Георгий Ковтун қойған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты махаббат туралы дастаннын сахналық нұсқасы көрсетілді.

[smartslider3 slider=2739]

Халқымыздың романтикалық эпостарының жауһары саналатын жырдың желісімен қойыл­ған балет – отандық өнердің асыл қазынасын толықтыра түсіп, отандық мәдениетімізді байыта түскен туынды. Халық эпосының авторлық интерпретациясы «Астана Балет» сахнасының көркіне айналды: жақсылық пен зұлымдықтың, махаббат пен өшпенділіктің, адалдық пен опасыздықтың мәңгілік текетіресін суреттеген жыр балетке сұранып тұрғандай.

Әмбеге аян жырдың ұзын-­ырғасында басты кейіпкерлердің өмір жолы, алдарында кездес­кен кедергілері баяндалады. Көркем бейнелері де оқырман жадында сақталып, гүл жарған махаббат сезімі мен оқиға соңындағы қасіретті тағдыр ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Эпос пәк сезім мен асыл махаббатты ту еткен басты кейіпкерлердің жанқиярлық әрекеттерін жырлайды.

Бірінші күні басты партияны орындағандар: Баян Сұлу – Дарина Қарайшева, Қозы Көрпеш – Сүндет Сұлтанов, Қодар – Айдан Қалжан. Екінші күні – Назерке Аймұхаметова, Әлімхан Төребеков пен Ерқанат Ермағамбет. Құртқа партиясын сомдаған – Аңсаған Көбентай, екінші күні – Риза Қанатқызы. Сонымен бірге, бұл қойылымға Қазақ ұлттық хореография академиясының жас өркен оқушылары да қатысты.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button