Жаңалықтар

Сайконың саусақтарындай

Ауылдың айтқыштары


Ерсайын атты сыныптасымның (еркелеткендегі есімі – Сайко) бармағы, сұқ саусағы жартылай жоқ және ортан қолының басы да кесіліп қалған. Кішкентай кезінде тақтай тілетін дөңгелек тоқ араға шынашақтай тобылғыны салып қалғанда, ол қолын қоса тартып әкеткен ғой…
Бірде Астанаға ауылдан келген Төлеухан (Тоқан дейміз оны) деген қу тілді жігіттен жамыраса жаңалық сұрасып жатырмыз. Сонда, Тоқанымыз саспастан:
– Бәлендей жаңалық жоқ. Сол, ауылда Сайконың саусақтарындай ғана жастар қалды, – деп қара-а-ап тұр.

 Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button