Басты ақпарат

Сайлаудағы жеңісте әр астаналықтың үлесі бар

ERA_3498

Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезектен тыс президент сайлауын өткізуге белсенді атсалысқан бір топ астаналыққа Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыстады.

Жиынды ашқан елорда әкімі еліміздің болашағы үшін маңызды уақиғадан астаналықтар да тысқары қалмай, дауыс берушілері жағынан еліміз бойынша екінші орын алғанын атап өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, айқын жеңіске жетуі – ел азаматтарының Президентке деген нық сенімінің көрінісі. Президенттің бас шаһарға деген ықыласы ерекше. Бүгінде Астананы күллі әлем таниды. Кезіндегі шағын қаланың аз уақыттың ішінде қарқынды дамып, қазіргідей жоғары деңгейге жетуі – Елбасының еңбегі. Астаналықтардың сайлауға бір кісідей қатысуын – олардың Мемлекет басшысына деген лайықты құрметі деп білемін, – деді Әділбек Рыскелдіұлы.
Әкім Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолында жұмыс істеп, елімізде атқарылып жатқан шараларды халыққа жеткізіп жүрген «Нұр Отан» партиясы мен Елбасын қолдаушылардың еңбегін де айрықша атап өтті. Елордада сайлау кезінде ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың 672 сенімді өкілі тіркелген екен. Әкімнің айтуынша, қоғамдық штаб әртүрлі сипаттағы 1557 шара өткізіп, 426 мың адамды қамтыған.

Іс басындағы Президентті қолдаушылар еңбек ұжымдарымен, жастармен, көптеген әлеуметтік ұйымдармен кездесулер өткізіп, сайлаудың маңыздылығын және «Нұрлы жол» жолдауы аясындағы бағдарламалар мәнін түсіндіру шараларын белсенді жүргізген. Атап айтқанда, жастар флешмобтары, Жеңістің 70 жылдығына арналған қайырымдылық акциялар сынды бас-аяғы 47 шара өткізген. Оларға 32 мыңдай қала тұрғындары қатысқан құраған. Ал аймақтық жүйелі кесте аясында 229 шара ұйымдастырылып, 200 мың адам қамтылған.
– Мұның барлығы – Нұрсұлтан Әбішұлының сайлаудағы жеңісіне сүбелі үлес қосқан шаралар. Штаб мүшелерінің әрқайсысы еліміз үшін маңызды іске өзіндік үлесін қосты. Сондықтан, сіздерді қажырлы еңбектеріңізді бағалап, Елбасының алғысын жеткізгім келеді, – деп Әділбек Рыскелдіұлы Президенттің алғысхатын алған­дардың қатарында Қазақстан Рес­публикасының президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Қо­ғамдық штабының Астана қалалық филиалының мүшелері: штаб төрағасы, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты С.Ахметов, мәслихат депутаттары Г.Данбаева, В.Досаев, Т.Егінбаев, К.Жауханов, З.Жүсіпова, А.Ким, К.Құлмықанов, Б.Солсанов, Т.Оразақов, А.Байгенжин, М.Оралов, А.Күрішбаев, С.Хамхоев, М.Шай­даров, З.Шибкенов, Ш.Хахазов, «Нұр Отан» партиясының ААФ Саяси кеңесінің мүшесі, Польшаның еңбек сіңірген әртісі Б.Ысқақова, «Нұр» аумақтық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бірінші проректоры Д.Нұрманбетова, «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ аппарат басшысы Ә.Бергенев, ҚР ИДМ «Қазаэронавигация» РМК аппарат басшысы К.Какен, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ басқарма төрайымы Ш.Бөлекбаева бар.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button