Мәслихат

Сайлаушылар мүддесін қолдау – міндетіміз

Астана қаласы мәслихаты құрамындағы 25 депу­таттың бірі ретінде, қолданыстағы заңнамалар шең­берінде елорданы дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерін талқылап шешу негізгі міндетіміз екенін айтқым келеді. 

Шайдаров Мажит Зейнуллович

Сондай-ақ, тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, оларды мазалап жүрген сауалдардың шешімін табуға атсалысамыз. Сайлау окру­гымдағы ПИК басшыларымен байланыс бұл жұмысты жеңілдетеді. Ауланы абаттандыру, көшелерді көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жасау, ескі үйлерді сыру мәселесі мен сол үйлердің иелерінің құқықтарын қорғау сияқты мәселелер өз кезегімен шешіліп жатады. Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарап, оны тиісті атқарушы органдарға жіберіп, оның орындалуын қадағалап отырамыз. Дегенмен, оң нәтижеге қолымыз жетпей жүрген жайт та жоқ емес. Жақында, «Астана қа­ласының әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізбесін бекіту жөніндегі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуін мәслихат отырысында талқыладық. Бұл мен үшін де маңызды еді. Себебі, қоғамдық көліктердің бағыты Астана медициналық акаде­миясының оқу корпустары арасынан қиыстау өтіп, сту­денттеріміз қыстың суығы ақ қар көк мұзда екі ортада жаяу қатынап жүр. Бұл алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймын. Қала мәслихатының ресми өкілі әрі елорданың басты білім ордаларының басшысы ретінде студенттердің кәсіптік-білік­тілігін даярлау, болашақ дәрігерлерді кемел тұлға етіп қалыптастырып, жаңа саяси әлеуметтік жағдайда елі үшін аянбайтын азаматтарды тәр­биелеу тікелей міндетіміз.
Бұл үшін алдымен студент­тердің жақсы білім алуымен қатар, әлеуметтік жағдайына да мән беру керек. Астана медициналық университетінде білім алып жатқан балалар үйінде тәрбиеленгендерге, қамқоршысы жоқ жастарға материалдық көмек қарас­тырылған. Азық-түлік алуға, киім-кешек тағы басқа қажет­тіліктеріне қаражат бөлінген. Олардың университет асханасында тегін тамақтануына және қоғамдық көлікте жүру жолақысын да төлеп отырмыз. Мұндай балалар жатақханада тегін тұрады. Осы санаттағы студенттердің жазғы демалысын ұйымдастыру біздің міндетімізге кіреді. Мұндай жеңілдіктерді барлық оқу орындарының басшылары қаперіне алса жөн болар еді.
Депутат жұмысының нәти­жесін қалай бағалауға болады? Сайлау округында үш орта мектеппен бірге, Қазақ Ұлттық өнер университеті, поли­тех­никалық колледж бар. Демек, сайлаушылардың басым көп­шілігі – жастар. Өскелең ұрпақ­тың тәрбиесі де біздің жауапты саламыз деп айтуға болады. Осы ретте, өскен ұясы мен қала­сын сүйіп, туған елінің тарихын біліп, өмір сүріп жатқан қоғамының алға озуына ат салы­сатын азаматтарды қалай қалып­тастырамыз? Жалаң сөздердің уақыты артта қалды. Нақты қам­қорлығымызды сезініп, өздері сол ортаның бір бөлшегі екенін бар болмысымен ұғынғанда ғана келешектің кемел ұрпақ­тарына сенімді бола аламыз.
Шынын айту керек, қала тұр­ғындары өте белсенді, олар өздерінің азаматтық көз­қара­сын ашық айтып, өз мүд­де­лерін талап ете алады. Елорда да өтіп жатқан түрлі саяси ша­ра­ларға белсенді араласуы олар­дың азаматтық ұста­нымы­ның ұш­талуына жақсы ықпалын тигізіп жатыр. Кез келген істі бірлесе атқарып, ортақ мүддеге жұмылатын осындай сайлаушыларымыз біздің қызметімізден біліктілікті талап етеді.

Мәжит Шайдаров,
Астана қаласы мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button